🔹Мектебімізде 2024 жылдың 17 қаңтар күні құқықбұзушылықтың, нашақорлық, алаяқтық, ұрлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында 9 - 11 сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өтті.
🔹Мектеп директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары Е. Искаков пен полиция қызметкерлері Тарбағатай АПБ КПБ бастығы полиция майоры Е.Сарипов, Тарбағатай АПБ КПБ бастығының орынбасары полиция майоры Турабаев Д, полиция майоры Жақыпбекова Н оқушыларға есірткі заттарын тұтынудың зияндылығы, синтетикалық есірткінің адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы видеоролик көрсетіп, оқушылармен еркін форматта әңгіме жүргізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, электронды шылымның зияны және қоғамдық орында қолдануға тыйым салынғандығы, кәмелетке толмағандар арасында көлік жүргізбеу, алкогольді ішімдіктерді қолданбау керектігі жөнінде түсіндірді.