05 Қаң 2021
Страницы КГУ "СШ имени Абая"

Мектеп тарихы

Мектеп тарихының хронологиясы

  • 1927 жылы қыркүйекте аудан орталығыАқжар селосынан типтік жобамен салынған жаңа мектеп ғимараты бой көтерді . Ең алғашқы мектеп директоры    Егізбай Ожықанов    болды .

 

  • Мектеп бастауыш мектеп негізінде құрылып , мектеп , интернат , жатақхана барлығы бір орында болды .

 

  • Жаңа ашылған 4 кластық бастауыш мектепте  120 дай бала оқыды .

 

  • 1929 жылдан бастап мектеп    колхозшы жастар  мектебі     болып аталады .

 

  • 1935 жылдан Ақжар орталау  мектебі деп аталды. Осы уақытта Ақжар   селосынан Жаңатілеу  бастауыш мектебі  құрылып , Ақжар орталау мектебін   оқушылармен     қамтамасыз ететін базалық мектепке айналды . Осы мектепке кейін  К . Д  Ушинский аты берілді .

 

  • 1936 – 37 оқу жылында мектеп 7 жылдық  білім беру сатысына көшті.

 

  • 1938 - 39 ж.ж Мектеп директоры Халық қаһарманы Қасым Қайсенов болды .

 

  • 1938 – 40 жылдары мектеп Ақжар орта мектебі болып қайта құрылады. Алғаш мектеп құрылғанда  5 класс  болса , осы  уақытта  класс саны  15 ке жетіп , бала саны 300 ден асады . Кейін 22 класс  болып оқушы саны   506 болды .

 

  • Осы жылдары   мектеп жанынан 60 балалық бюджеттік   интернат     ашылды .

 

  • 1939 - 40 жылдары мектепте      орыс   кластары         ашылған .

 

  • 1945 жылы халқымыздың бас  ақыны ,  ойшыл  ,  ірі  гуманист Абай Құнанбайұлының   100 жылдығына орай мектепке   Абай аты   берілді .

 

  • 1948 – 1977 жылдары мектепті 2269  оқушы бітіріп  ,орта  білім   туралы аттестат    алды .

 

  • Олардың ішінде 36 оқушы мектепті алтын және күміс медальмен бітірді .

 

  • 1964 жылы мектеп жаңа зәулім   ғимаратқа   орын  ауыстырды. Мектеп директоры Қыдырбек Билялов болды . Қазір осы ғимарат халық арасында « ескі Абай »    деп   аталады .

 

  • 1977 жылы мектепте 1140   оқушы   білім   алып ,  оларға 60 жуық   жоғары білімді мұғалімдер      сабақ   берді .

 

  • 1978 -79 оқу жылында мектеп қазіргі қолданыстағы үшінші жаңа ғимаратқа орын ауыстырды .Мектеп директоры   Қаленов Совет болды.

 

  • Мектептің алғаш құрылғаннан бергі әр он жылда оқу орынының 50 , 60,70, 80  жылдық мерейтойлары      аталып    өтілді .

 

  • Осы кезеңде Тарбағатай ауданының алғашқы білім ордасы ,     халықты  сауаттандырудың шуақты шамшырағымен мәдени ошағы   болған  Абай атындағы орта мектеп ,халық   арасында    Тарбағатай ауданының университеті    деген   құрметті   атқа    ие    болды .

 

  • 2017 жыл Абай атындағы   орта   мектепке  торқалы 90 жыл толды.

 

  • 2020 жылы Абай атындағы орта мектепке 93 жыл болды.

 

 

 

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар