19 Қаң 2024
Жаңалықтар

28 қыркүйек күні "Еңбек күніне " орай мектебімізде" Мейірімділік- жүректен " атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді

"Абай атындағы орта мектебі" КММ
28 қыркүйек күні "Еңбек күніне " орай  мектебімізде"  Мейірімділік- жүректен " атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Қайырымдылық- халқымыздың ізгі қасиеттерінің бірі. Шын мұқтажға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу- әрбір азаматтың парызы. Барлық сыныптар ұйымшылдық танытып, жүректері жылуға, адамгершілік қасиетке толы екенін дәлелдеді. Ата - аналар мен оқушылар өз қолдарынан дайындаған тағамдарды санитарлық талаптарды сақтай отырып сатты,  сыныптар белсенділікпен  қатысты. Барлық сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа аз қамтылған отбасы оқушыларына көмек көрсетіледі.

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар