19 Қаң 2024
Жаңалықтар

Ақын - елдің ардағы

2023жылдың 26 қыркүйекте тәрбие жөніндегі орынбасарларының жоспарына сәйкес
Еңбек күніне орай "Ақын -елдің ардағы" атты  кездесу сабағы өткізілді. Мақсаты-Тарбағатай ауданындағы  халықтың ықыласына бөленген ақын, қаламгерлерінің өлең жырларын насихаттау, жас ұрпаққа кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, аталмыш тұлғалардың  өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұту. Мектеп директоры Н.Акыбаева алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға шығармашылық табыс, шабыт тіледі. Іс-шараға Сайлаухан Сағдолдин-Тарбағатай ауданының бас ақыны, Ернар Үсенов- "Тұғырлы Тарбағатай" газетінің бас редакторы, Мейіргүл Мұралбек, Серікжан Жанерке- "Тұғырлы Тарбағатай" газетінің тілшілері  келіп, сұхбаттасты.
Қатысқан 9,11 сынып оқушылары қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алып, өнерге деген қызығушылықтары артты. Өз шығармаларынан үзінді оқыған ақын, қаламгерлер   қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар